Бүгін Сингапурда өткен Азия елдерінің қорғаныс өкілдерінің «Shangri-La Dialogue» атты форумында сөз алған АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Меттис Қытайды тағы да қатаң сынға алды. Ол сөзінде Қытай үкіметі Оңтүстік Қытай теңізіндегі таластағы аралдардың кейбіреуін әскери тұрақтарға айналдырып, көрші елдерді қорқыту мен территорияның Қытайға тән екеніне мәжбүрлеу үшін милитаризация жасағанын айтты.
АҚШ қорғаныс министрлі сөзінде АҚШ-тың Үнді мұхиты мен Тынық мұхит аймағының ашықтығы мен еркіндігін қорғайтындығын атап өтті. Меттис сөзінде: «Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде жасап жатқан әрекеттері біздің бұл стратегиямызға қарама-қайшы. Бұл Қытайдың түпкі мақсаты туралы күдікті ойларға жетелейтін әрекет», – деп бағалады.
Пентагон басшысы Қытайдың аталған теңіздегі Вьетнам жағалауларына жақын Шиша аралдарында жерүсті зымырандарын, басқарылмалы зымыран жүйелерін және кемелерді бақылау құрылғыларын орналастырғанын, сондай-ақ, соңғы кезде бұл аралға стратегиялық бомбалаушы ұшақ қондырғанын атап өтті. «Қытай тарабы терістегенімен, бұл қару-жарақ және әскери құрылғылардың орнатылуы, Бейжің билігінің айналасындағы елдерді қорқыту мен мәжбүрлеуге бағытталған әрекеті екенін дәлелдейді», – деп айыптады Жеймс Меттис.
Қазір күллі әлем АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммитіне көз тігіп отырғанымен, кезекті «Shangri-La Dialogue» қауіпсіздік форумында Азия өңірінің ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі және Қытайдың арта түскен милитаризация қаупі басты тақырып етілді. Қытай мен Оңтүстік Қытай теңізіне шектесетін Азия елдері арасындағы, сонымен қатар Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының түпкілікті деңгейде қайшылыққа ұласқанын анық көрсетті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр