АҚШ президенті Дональд Трамп ( Donald Trump): Егер Қытай жақ Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарды дамыту ісін тежегісі келмесе, онда АҚШ қатаң шаралар қолданатын болады», – деп қадай айтты. АҚШ пен Қытай басшыларының ресми кездесуі бірнеше күннен кейін болатыны белгілі. Трамп бұл жолы Ши Жинпиңмен (Xi Jinping) кездесу барысында сауда әріптесік қарым-қатынастары мен Солтүстік Кореяның ядролық сынақты кеңейту ісін басты келіссөз тақырып етіп көтермек.

Трамп келіссөзде Қытай басшысын екі ел арасындағы тауар айырбасы мен Солтүстік Корея мәселесінде дегенінен көндіруге тырысады. Оған қоса Трамп үкіметінің қарауынша АҚШ сауда тапшылығын тудырған ең негізгі себеп – Қытай үкіметінің қолайсыз нарықтық экономика саясаты екен. Сондай-ақ, Трамп таққа отырғалы бері Құрама Штаттардың  Қытаймен жасасқан сауда келісімдері АҚШ үшін әділетсіздік деп бағаланып келеді.

АҚШ президенті жексенбі күні «Financial Times» басылымының сұхбатын қабылдағанда, Қытай жақтың Солтүстік Корея ісі туралы АҚШ-ты жақтауы, жақтамауының салдары туралы сөз етті. Ол: «Бұл аталған іс жөнінде Қытай АҚШ-қа көмектессе өзіне үлкен табыс әкелгелі тұр. Ал, бізді жақтамаса үлкен зиын келеді. Менің сауда дегеніміз желіктіру іс әрекеті деп қараймын. Шын мәнісінде сауда-саттық дегеннің бәрі солай», – деді.  Журналистің: «Егер алдағы ресми кездесу сіз айтқандай табысты болмаса не болады ?» – деген сұрағына, Трамп: « Егер Қытай Солтүстік Кореяның ядроны дамыту ісін тежеуге келіспесе, Америка Құрама Штаттары жедел әрекет жасауға шешім қабылдайды», – деді.

“The Qazaq Times”