Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Солтүстік Кореяға ресми іссапармен барады.
Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Сергей Лавров мамыр айының 31-і күні ресми іссапармен Солтүстік Кореяға барады. Онда ол өзінің солтүстік кореялық әріптесі Ли Ен Хомен кездесіп, Корей түбегіндегі саяси ахуал жөнінде келіссөздер жүргізеді.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Ресей алдағы уақытта Корей түбегіндегі жағдайларды реттеуге байланысты тиісті қадамдар жасайтын болады» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақ үй мен Солтүстік Корея ресми органдары маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Жоң Ун кездеседі деген ақпарат таратқан. Ал бұның алдында Солтүстік Кореяға ресми іссапармен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео барған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды