АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай вице-премьері Лю Хэмен кездесті – деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.
«Президент Дональд Трамп Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэмен мамыр айының 17-і күні Уашингтонда кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас жөнінде әңгіме қозғалды» - делінген Ақ үй баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, мамыр айының 18 күні Қытай мен АҚШ ресми өкілдерінің қатысуымен Уашингтонда кеңейтілген отырыс өтеді. Алдын ала болжамдар бойынша оған Ақ үй тарапынан қаржы министрі Стивен Мнучин, сауда министрі Уилбур Росс және сауда өкілі Роберт Лайтханзер қатысады. Аталмыш бас қосуда Қытай тарапы АҚШ-тан Дональд Трамп енгізген санкциялардың күшін жоюды, Дүниежүзі сауда ұйымына демпингті бағаға байланысты жазған арызын кері қайтаруды және «интеллектуалды меншік ұрлығы» ісін тоқтатуды сұрайды деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, 23 наурыз күні АҚШ президенті Дональд Трамп сырттан келетін алюмини мен болатқа баж салығын 10 және 25 пайызға өсірген. Қытай Трамптың бұл шешімін қатаң сынға алып, АҚШ халықаралық сауда келісімін бұзды деп айыптаған және 128 америкалық компания өнімдеріне баж салығын қымбаттатқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?