АҚШ президенті Дональд Трамп Ислам мемлекеті террористік ұйымының «өте қатты іздеуде жүрген» бес жетекшісінің тұтқындалғанын растады, деп хабарлайды «The New York Times» агенттігі.
Ақ үй басшысы өзінің «Twitter» желісіндегі жазбасында «Жаңа ғана ДАИШ-тың іздеуде жүрген бес жетекшісі ұсталды» деп жазған. «The New York Times» агенттігі таратқан мәлімет бойынша, олар америкалық барлаушылар мен ирактық әскерилердің Сүрия мен Түркия территориясындағы біріккен әрекеттерінің нәтижесінде ұсталған.
Ирактық екі барлаушы тұтқындалғандардың Сүрияның Дайр-әз-Заур аймағындағы ДАИШ-тың бақылауындағы топқа жетекшілік ететін төрт ирактық, бір сүриялық екенін анықтаған.
Еске салайық, 6 мамыр күні Ирактың әскери-әуе күштері Сүриядағы ДАИШ террористеріне соққы жасаған еді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды