Әлемде қорғаныс саласына бөлінетін қаражат тағы бір сатыға көбейді. Стокголм бейбітшілікті зерттеу институтының көрсеткен мәліметіне қарағанда, дүние жүзі бойынша қорғаныс саласына бөлінген қаражат былтырғымен салыстырғанда 1,1 пайызға көбейіп, 1 триллион 739 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталған баяндамада, әлемде 9-шы орында тұрған Германияның қорғаныс бюджеті 44 млрд 300 млн долларға жетіп, 1999 жылдан бергі ең жоғары шекке жеткен. Қорғаныс саласына бөлінген бюджет бойынша 15-ші орындағы Түркияда 18 млрд 200 млн АҚШ доллары қорғаныс саласына жұмсалады.
Бұрынғыдай қорғаныс бюджеті бойынша көш басында Құрама Штат тұр. АҚШ аталған салаға 610 млрд доллар жұмсайды. АҚШ-тан кейін ретімен Қытай және Ресей елдері тұрады.
Хабарға қарағанда Ресей биыл әскери шығындарға бөлінетін қаражатты 20 пайызға азайтқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы