АҚШ Сенатында қорғаныс бюджетін 5 пайызға көбейту туралы бастама көтерілуде. Республикашылдар жағынан жасалған ұсыныс Құрама Штаттарға Ресей мен Қытайдан келетін ұзақ мерзімдік қауіп-қатерге қарсы күресу үшін керек делінген.
Аталмыш ұсынысты Республикашылдар партиясының жетекшілерінің бірі Митч МакКоннелл дүйсенбі күнгі Өкілдер палатасындағы сөзінде ортаға салды. Оның айтуынша, Ресей мен Қытай әлемнің картасын өзгертуге ниетті, сондықтан да Құрама Штаттар Мәскеу мен Бейжіңнің агрессивті әрекеттеріне қарсы күресу үшін жеткілікті әскери мүмкіндіктерге ие болуы керек.
МакКоннелл Қытай да, Ресей де өздерінің агрессивті мақсаттарынан тек жоғары деңгейдегі шығынға нақты көз жеткізгенде ғана бас тартады деп санайды. Сондықтан, Құрама Штаттар қорғаныс шығындарын теңдессіз күйге келтіруі тиіс. Республикашылдардың жетекшісі бұған қоса Құрама Шттар гипер-дыбыстық зымырандарды жасаумен қатар, ядролық арсеналдарын модернизациялау, өзінің жаһандық қатысуын арттыру керек деген пікірлерінде ортаға салған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы