«Талибан» қозғалысы ауған-тәжік шекарасына 7 мыңға жуық содырын аттандырды.
Мамыр айының 2-і күні Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі басшысы Раджабәли Рахмонәли журналистер алдында сөйлеген сөзінде: « «Талибан» қозғалысы өзінің оңтүстіктегі 6 825 содырын Ауғанстанның солтүстігендегі Құндыз, Тахор, Бадахшан және Балх провинцияларына көшірді. Қазір олар аталмыш аудандарда орналасқан арнайы лагерлерде әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде» - деген.