Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы психологиялық соғысын тоқтатты – деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Оңтүстік пен Солтүстік арасында өтетін саммит кезінде шекаралық аймақтардағы КХДР-ға қарсы бағытталған порпагандалық сарындағы дыбыс күшейткіштерден тарайтын барлық психологиялық шабуылдар тоқтатылады. Бұдан бөлек ведомства таратқан мәлімдемеде: «Біз бұл шаралар екі елдің бір-біріне қарсы бағыттаған пропагандалық шабуылдарының аяқталуына алып келеді деп үміттенеміз» - делінген.
Естеріңізге салайық, Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы «психологиялық соғысын» 2015 жылы бастаған. «Психологоиялық соғыстың» бір бөлігіне шекаралық аймақтарда Ким Жоң Ун билік жүйесін сынайтын радио бағдарламалар жүргізу енген. Оңтүстік Корея әскері күніне төрт-бес сағаттан дыбыс күшейткіш арқылы аталмыш бағдарламаларды насихаттаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап