Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Сүрияда болған әскери операцияға байланысты өткен Парламент отырысында Ұлыбританияның Сүриядағы ортақ әуе шабуылына қатысуына «одан да көп адам зардап шекпес үшін заңды және мәдени түрде дұрыс әрекет еттік» , - деп түсінік берген. Бұл туралы Би-Би-Си. Хабарлайды.
Мэй өз сөзінде Думадағы шабуылдың артында Асад үкіметінің тұрғандығына қатысты қолдарында «нақты дәлел» бар екенін де айтқан. АҚШ, Ұлыбритания және Франция сияқты бірқатар мемлекеттер Думаға химиялық шабуыл жасалғандығы туралы пікірден қайтпайды. Алайда, Сүрия мен Ресей бұл пікірлерді жоққа шығаруда. Тереза Мэй, жиын барысында осы мәселеге қатысты өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, Ұлыбританияның барлық дипломатиялық қатынастарын пайдалануға тырысқанын, алайда «бағыты айқын және өлшеулі бір әскери операциядан басқа таңдау қалмағанын» да шегелеп айтқан.
Үш сағатқа созылған жиында Мэй, Ұлыбританияның мүддесіне бағытталған әскери операцияға көшкенін айтып, «Бұны президент Трамп бізден қалағандықтан емес, ең дұрыс қадам осы болғандықтан жасадық» , - деген. Ол, химиялық шабуылға қатысты: «Мұндай шабуыл ұйымдастыру басқа ешқандай топтың қолынан келмес еді» , - деп, Асад үкіметін де астарлы түрде сөзге қосқан.