Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Кочиас, Македониямен арадағы "ел атауы мәселесіне" қатысты қос тараптың бітімге келуі үшін бірқатар қадамдар жасалғанын хабарлады.
Австрия астанасы Венада БҰҰ-ның екі ел арасындағы "атау мәселесін" шешуге жауапты өкілі Мэтью Нимиц пен Македония Сыртқы істер министрі Никола Димитровпен бір мәмілеге келген Кочиас, грек тілшілеріне берген сұхбатында: "Біз жасаған қадамдар өте күрделі, алайда қиын болғанына қарамастан, бір шешімге келуімізді жеңілдетеді деген үміттеміз", - деді.
"Ел атауы мәселесі" туралы не білеміз?
Әлемнің көптеген елдері Македонияны оның заңды атауы "Македония Республикасы" деп таниды. Ал, Грекия өз территориясында "Македония" деп аталатын аймақ болғандықтан оның атауын өзгертуді талап етіп келген-ді. Македония, тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бері оңтүстіктегі көршісі Грекиямен арадағы жалғасқан "ел атауы мәселесіне" байланысты Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше бола алмаған. Македония БҰҰ мүшелігіне қабылданған 1993 жылының сәуір айында БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық тұрғыдан танылғанмен, оңтүстік көршісі Грекияның наразылығына орай, уақытша "Бұрынғы Югославия республикасы Македония" деген атпен мүшелікке қабылданған болатын.