Түркия тұңғыш рет баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркия қарулы күштері 25 наурыз күні елдің солтүстігінде орналасқан Синопе сынақ алаңынан қысқа қашықтықтағы «Gökdoğan» және орта қашықтықтағы «Bozdoğan» баллистикалық зымырандарын сынақтан сәтті өткізген. Аталмыш зымырандар алғаш рет 2017 жылы Стамбул қаласында өткен қорғаныс көрмесінде көпшілік назарына ұсынылған. Құрастырушылардың сөзінше, зымырандар 2020 жылдан бастап Түркия қарулы күштерінің арсеналына қабылданады.
Айта кететін бір жайт, бұл Түркия армиясының тұңғыш рет өз баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуі. Бұған дейін Түркия қарулы күштері бұл салада өз өнімін шығармаған.