Алматы қаласы бойынша мемлекеттік істер агенттігі департаментінің өкілдері қаладағы жемқорлық жоқ университеттердің атын атады.
"Жемқорлық мүлде жоқ университет ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, Нархозды атай аламын. Мен өзім барып, бұл университеттерде қабылданған шаралармен таныстым. Барлығы автоматтандырылған, шешімдер әріптес органдарға берілген",- деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің жетекшісі Айгүл Байханова.
Оның сөзінше, ҚазҰУ-да жатақхана орындарынан бастап, студенттерді халықаралық оқуға жіберу жұмыстарына дейін автоматтандырылған.
"Нархозда да осылай істелген. Оларда барлық емтихандар видеобақылау арқылы өткізіледі. Емтиханды студенттерге лекция оқыған оқытушылар емес, басқалары қабылдайды", - деді Байханова.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?