Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті.
Ақпан айының 27-і күні өткен Үкімет отырысында премьер-министрден бастап, қатардағы министрлерге дейін қазақ тілінде баяндама жасап «айды аспанға» шығарды. Премьер Бақытжан Сағынтаев қазақ тілінде бастаған Үкімет отырысын Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «көмір мен бензиннен таршылық көрмейтін» энергетика министрі Қанат Бозымбаев жалғастырды. Бірақ олардың бұл «ерлігін» Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жалғастыра алмады. Олар баяндамаларын қазақ тілінде бастап, орыс тілінде аяқтады.
Үкіметте болып жатқан өзгерістерге қарап "министрлер мен әкімдердің бір күнде қазақ тілінде сайрап кетуінің сыры не де?" - деп ойлауы мүмкін көпшілік жұрт. Оның сыры Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінде жатыр. Осыдан бір күн бұрын Ақпарат және коммуникация министрі Дәрен Абаевпен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Үікмет пен Парламент қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» - деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?