Өзбекстан құзырлы органдары бұрынғы Бас прокурор Рашид Кадыровтың ұсталғанын растады.
Өзбекстан Бас прокуратурасы таратқан мәлімет бойынша, Рашид Кадыровтың үстінен Өзбекстан Қылмыстық Кодексының 165 (Бопсалау), 205 (Қызметін асыра пайдалану) және 210 (Аса ірі көлемде пара алу) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Узметроном» басылымының хабарлауынша, Рашид Кадыровты Өзбекстан шекара қызметі сақшылары 22 ақпан күні Ташкент әуежайында ұстаған елден кетейін деп тұрған жерінен ұстаған. Ал оның ұлы Әлішер Кадыров осыдан он күн бұрын елден кетіп қалған.
Жалпы, Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі бері Өзбекстан жоғары билік элитасында «тазарту» жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятовты қызметінен босатылып, бұрынғы Ішкі істер министрі Адхам Ахметов тұтқындалған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды