Бір күн бұрын Түркияның Сүрия жеріндегі қарулы күштері мәлімдеме жасап, Африн аймағында террорлық ұйымдарға мүше 2 мыңнан астам содырдың көзін жойғанын айтты. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ресми ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Зәйтүн бұтағы» деп атаған әскери операцияда Түркия армиясы Сүрияның солтүстік аймақтарында террорлық күштерге қарсы соғысуда. Шабуыл нысанасында PKK/PYD, YPG және ДАИШ террорлық ұйымы да бар. Бұл аталғандардың басым көбі күрд қарулы күштерінен құралған.
Түркияның Бас штаб басқармасы берген мәліметке қарағанда түрік қарулы күштері 2021 содырдың көзін жойған. Түркия қарулы күштері мен Еркін Сүрия армиясының құрлық қосындарына Анкараға қарасты әуе күштері де көмек беріп жатқанын айтады.
Қарулы операция 20 қаңтарда басталған болатын. Мәліметке қарағанда, қазірге дейін Африннің солтүстік батысындағы Раджу ауданында Шейх Мұхаммедли, Дуду, Шемалык, Великли және Каванда жерлері террорлық ұйымдардан босатылған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы