Латвияның Орталық Банк төрағасын елдің жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі тұтқынға алды. Елдің Қаржы министрі тергеу жүріп жатқан кезде Илмарс Римшевичтен (Ilmars Rimsevics ) өз еркімен орнын босатуын сұрады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Төрағаны тұтқынға алуға байланысты нақты ешқандай ақпарат жарияланбады. Римшевич сонымен қатар Еуропалық Орталық Банктің басқарма кеңесінің мүшесі.
Әлемдік дағдарыс салдарынан өндірісінің 1/5 бөлігін жоғалтқан Латвия енді есін жинап келе жатқанда, Орталық Банк төрағасының жемқорлықпен күрес агенттігіне ұсталуы ел экономикасына зиянын тигізе ме деген қауіп бар.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды