БҰҰ мәліметіне қарағанда қақтығыс болған елдерде былтыр 5 мың жасөспірім қарулы топтардан босатылған, алайда қазірдің өзінде 10 мыңнан астам бала түрлі террорлық ұйымның қатарында қару көтеріп жүр. Халықаралық қауымдастық бұл мәліметтерді «Балаларды қарулы қақтығыстарға қатыстыруға қарсы халықаралық күнге» орай жария етті. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қолына қару беріп, қақтығыстарға жауынгер ретінде айдап салуға қарсы халықаралық деңгейдегі шаралардың нәтижесінде, өткен бір жыл ішінде 20 мемлекеттен 5 мыңға жуық бала бейбіт өмірге жіберілген. Бірақ, БҰҰ мәліметіне қарағанда құтқарылған 5 мыңға жуық баланың да ауыр азап пен жәбірлеуді басынан өткерген.
Балаларды соғысқа итермелеген елдердің тізімінде ретімен Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Демократиялық Конго Республикасы, Ирак, Мьянма, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан, Сүрия және Йемен қатарлы елдер бар.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап