Шығыс күнтізбесі бойынша 15-25 ақпан аралығында Қытайда Жаңа жыл (Көктем мерекесі) тойланады. Осыған байланысты "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы сауда үйлерінің көпшілігі жұмыс істемейді. Бұл туралы ШЫХО әкімшілігінен хабарланды.
"Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде қытайлық сауда үйлері жабылатындықтан, Қорғастың қазақстандық бөлігіндегі әкімшілік 15-25 ақпан аралығында тауар алуға келмей-ақ қоюға кеңес береді", - делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, ҚР мемлекеттік шекарасы штаттық режимде жұмыс істейді.
Ал бұдан бұрын қытайлардың Көктем мерекесін атап өтуіне байланысты Қытай мен Қырғызстан арасындағы шекара да уақытша жабылғаны туралы хабарланған. Өткізу пунктері 15-21 ақпанға дейін жұмыс істемейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?