Қазақстанда 26 қаңтардан бастап үш бірдей тас жол ақылы болады.
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қаңтардан бастап Астана-Теміртау (134 шақырым), Алматы-Қапшағай (42 шақырым) және Алматы-Қорғас (295 шақырым) бағытындағы тас жолдар ақылы болады. Жол құны 100 теңгеден бастап, 600 теңгеге дейін. Ал тас жолға жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындары үшін жылдық абонемент 1000 теңге. Бірақ абонементті автокөліктері сол елді мекен аумағында тіркелген азаматтар ғана ала алады.
Жолақысын өткізу бекеттері мен PayWay.kz сервисі мен ұялы телефон арқылы төлеуге болады. Егер жол ақысы мобильді қосымша арқылы алдын ала төленетін болса, жеңіл автокөліктер үшін екі есеге арзандайды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?