Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің Бакуден хабарлауынша, Иран, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері орынбасарларының отырысында Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесіне қатысты конвенция дайындау туралы сұхбаттасу өтіп, конвенцияны дайындау жұмыстары бірнеше қадам алға ілгеріледі, деп хабарлайды “Фарс” баспасөз агенттігі.
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі орынбасары әрі Иранның бес адамнан тұратын делегациясының жетекшісі Ибрахим Рахимпур отырыстың соңында келіссөздерге ризашылық білдіріп: «Отырысқа қатысқан Каспий теңізі жағалауында орналасқан бес елдің делегациясы келіссөздер мен оның нәтижелеріне риза болды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесіне қатысты конвенцияны дайындау жұмыс тобының 48-ші отырысының келісімдерін маңызды деп бағалап: «Егемендік, құзыреттiлік, қауіпсіздік, аумақтық сулар, балық аулау аймағы, теңіз түбі мен жер қойнауының шекаралары, әскери кемелердің аумақтық сулардан өтуі және кабелдер мен құбырлар жүргізу отырыстың негізгі тақырыптары ретінде талқыланды»,- деді.
Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесіне қатысты конвенцияны дайындайтын жұмыс тобының келесі отырысы Ашхабадта өтеді.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы