Шавкат Мирзиеев Түрия басшысы Режеп Тайып Ердоғанды Өзбекстанға шақырды.
Өзбекстан президент әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Шавкат Мирзиеев пен Режеп Тайып Ердоған 7 ақпан күні телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында Шавкат Мирзиеев Режеп Тайып Ердоғанды Ташкент қаласында наурыз айының соңында өтетін «Ауғанстан – бейбітшілікке апарар жол» халықаралық конференциясына қатысуға шақырған. Өзбекстан президентінің бұл ұсынысына Режеп Тайып Ердоған Түркиядан аталмыш конференцияға жоғары лауазымды тұлғалардан құралған делегация баратынын айтқан.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2017 жылы 25 қазан күні араға 20 жыл салып Анкараға ресми іс-сапармен барған болатын. Онда ол Түркия басшысы Режап Тайып Ердоғанмен кездесіп, жалпы құны 3,5 миллиард долларды құрайтын құжатқа қол қойды.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды