Қазақстанның Су-30SM соғыс ұшақтарымен қаруланған Әуе күштері – ҚР Қарулы күшерінің ең айбындысы. Әуе шабуылынан қорғану, әуеден шабуылдау, тасымалдау сынды көп түрлі мүмкіндіктерге ие бұл армиямыз қытайлықтарды да тамсандырып отыр. Олар ақпарат құралдарында (slid.sina.con.cn) «азиялықтардың айбыны» деген теңуемен беріпті. Өздерінің «Азаттақ армиясына» теңеген екен.
“Қазақстан Су-30SM күштері сол елдің ең таңдаулы қосыны. Ол және дамытуға баса назар аударылып отырған әскери бөлім. Олардың шабуылдаушы ұшақтары – елдің ең «сүйкітілері». Су-30SM-ның тұрқы Қытайдың Су-30MKK шабуылдаушы ұшақтарына ұқсап қалады. Нағыз «азиялықтардың айбыны». Біздің «Азаттық армиямыздың» қосындарына ұқсап кетеді”, – деп жазады "Шинлаң" сайты.
Су-30SM ұшақтары – Су-30-дың соңғы соңғы ұрпағы. Су-30MKI және Су -30MKM-ға негізделген, жобалау тәжірибесінің соңғы нұсқасы. Ресей әуе күштерінде бұндай ұшақтардың оннан астамы бар және жыл сайын көбейтіп келеді. Қазақстан Қарулы күштері де осымен жабдықталған.
Су-30MKI жойғыш ұшақтары мен Су-30SM ұшақтары негізінен ұқсас, «Қандастық» қатынастары бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Сухой конструкторлық бюросына қаржы тартып, дамыту мақсатында, әсіресе Үндістан Әуе-қорғаныс күштерінің қажеттілігіне орай жасалған.
Бұл әскери ұшақтарға сүйір үйрек қанат, екі бірдей қозғалтқыш орнатылған. Пассивті фазаланған радары бар. Су-30MKI-ды дамыта отырып, өндіріс тәртібін тиімді жеңілдетілкен.
Су-30SM ұшақтарына Ресейдің «Мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасы 2011-2020»-ның да шарапаты тиді. Жабдықтар сатып алу жоспарына сәйкес, Ресей әскери қару жарақтың жыл сайын 11% жаңартуды жоспарлаған болатын. Ол жоспар бойынша, жабдықтарды жаңартудың мөлшері 2020 жылға барғанда 70% болуы керек.
2008 жылдары, Ресей мен Грузия әуе күштерінің қарулы қақтығыстары кезінде, Су -30MKI / MKM ұшақтары өз артықшылықтарын көрсеткен болатын.
“The Qazaq Times”