АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Қазақстанға әсер етпейді – деп мәлімдеді – Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Жордж Крол.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Уашингтонға жасаған іс-сапарына байланысты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде өткен дөңгелек үстелде Жордж Крол Ресейге салынған санкцияларға барйланысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға қатысы жоқ. Қазақстан тарапынан алаңдаушылық бар және біз осы мәселе бойынша қазақстандық әріптестерімізбен кеңесуге келістік. АҚШ санкцияларының Қазақстанға және осындағы АҚШ бизнесіне кері әсері болмайды» - деген.
Естеріңізге салайық, жақында АҚШ Қаржы министрлігі санкцияға ілінуі мүмкін ресейлік саясаткерлер мен олигархтардың тізімін жариялаған болатын. Оған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтен бастап, Роман Абрамовия, Әлішер Усманов сияқты олигархтардың аты енген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?