АҚШ-та тұңғыш рет қазақ комикстары сатылымға шықты – деп хабарлайды Forbes Kazahstan журналы.
Басылым мәліметінше, алматылық Мәдибек Мұсабеков пен Бекзат Мырзахмет «Ermек the Batyr» (Ермек Батыр) комиксын Amazon сауда платформасы арқылы АҚШ нарығына сатылымға шығарған. Қазақ ертегілері мен аңыздары негізінде құрастырылған «Ермек Батыр» комиксының құны - 1,99 доллар. Мәдибек пен Бекзат аталмыш комиксты шығару үшін ең бірінші "Tengri Comics" баспаханасын ашқан. Олар өз бизнестерін 3,5 миллион теңгемен бастаған. Қазіргі таңда 1000 беттік комикстер жинағы жазылып біткен. Енді оларды тиісті суреттермен безендіру ғана қалған. «Ермек Батыр» комиксының жанры тарихи фантастика. Онда қазақ батырларынан бастап, хандарына дейінгі аралықтағы тарихи тұлғалар жаңа бейнеде көрсетілген.

Айта кететін бір жайт, алматылық жас бизнесмендер өз туындыларын Amazon сауда платформасына жарияламас бұрын, Алматы қаласының мәдениет басқармасынан комикстер жинағын жарыққа шығаруға көмек сұраған. Бірақ мәдениет басқармасы олардың бұл өтінішіне ешқандай жауап қайтармаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?