Швецияның орталық қаласында «Халықаралық қауіпсіздік стратегиясын» тақырып еткен конференция өтті. Конференцияға әлем елдерінің және қауіпсіздік ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиналыста сөз сөйлеген НАТО өкілі ядролық қарудан бас тарта алмайтынын айтты. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Аталған конференцияда сөз сөйлеген НАТО ұйымының Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Ядролық қарусыз әлем» бастамасын қолдайтынын, алайда бұл ойдың жүзеге асуы мүмкін емес екенін айтты. Ол сөзінде: «Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяда ядролық қару бар кезде НАТО ядролық қаруынан бас тарта алмайды. Олай істеу әлемді тіпті де орнықсыз күйге түсіреді. Біз әлемнің теңгерімін ұстап тұруымыз керек. Сондықтан НАТО БҰҰ Бас ассамблеясының бұл шешімін қолдай алмайды», – деді.
Ядролық қаруға тыйым салу бастамасына халықаралық қауымдастықта тек ядролық қаруы бар елдер ғана қарсы тұрып, 122 мемлекет қолдау көрсеткен болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы