Неміс парламентінің вице-президенті, Германияның социал-демократиялық партиясының жетекшісі Томас Опперман канцлердің қызметте болу мерзімін екі кезеңмен шектеу туралы пікір білдірді.
Welt ақпаратына қарағанда ол "канцлер болу Германияда қиын жұмыс" және алдағы он жылда "демократия талабы бойынша бұл қызметтің жаңа импульске ие болуы екіталай" екенін айтқан.
Сондай-ақ, Томас Опперманның сөзінше, канцлердің қызметтік кезеңі қысқарғанмен, өкілеттігі 4 жылдан 5 жылға созылуы мүмкін.
Қазіргі кезде Германияда канцлер бундестаг арқылы 4 жылға сайланады. Яғни канцлер болып сайланған тұлға әр төрт жыл сайын бірнеше рет сайланып, қызметін кезең-кезеңімен шексіз жалғасыра алады. Мысалы Ангела Меркель қазіргі Германия канцлері ретінде үш кезең қатарынан сайланып, қызметін 12 жыл бойы жалғастырып келеді. Ол алғаш рет 2005 жылы канцлер болып тағайындалған. Одан кейін 2009, 2013 жылдары қайта сайланды.
Дегенмен Меркельдің 2017 жылы төртінші кезеңге сайлануы әлі реттелмей келеді. Осыған байланысты ел үкіметінде де әлі басқарушы коалиция толық құрыла қойған жоқ.
Германия тарихында федералды канцлер қызметінде ең ұзақ болған тұлға - Гельмут Коль. Ол неміс үкіметін 16 жыл немесе 4 кезең қатарынан (1982-1998 жыл) басқарған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау