«Facebook» компаниясы Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың парақшасын не үшін бұғаттағанын түсіндірді.
«Facebook» компаниясының басшылығы өздерінің не үшін бұндай қадамға барғанын АҚШ үкіметінің Рамзан Кадыровты «Магнитск тізіміне» енгізуімен түсіндірген. Компания басшылығы таратқан мәліметте: «Біз аталмыш аккаунттың АҚШ аумағында жүруге тыйым салынған азаматқа тиесілі екендігін білдік. Оған АҚШ үкіметі жариялаған сауда-экономикалық санкциялар әсер ететін болғандықтан «Facebook» бұл аккаунтты заң аясында бұғаттауға міндетті» - делінген.
Естеріңізге салайық, Рамзан Кадыровтың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшалары желтоқсан айының 23-і күні жоғалып кеткен. Кадыровтың өзі бұған «АҚШ билігінің жасаған ісі» деген баға берген. Жалпы Рамзан Кадыров әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын президенттердің қатарына жатады. Оның Facebook және Instagram парақшаларында бұғатталғанға дейін 4 миллионнан астам оқырманы болған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды