АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті Уашингтонға шақырды.
Өзбекстан президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, Дональд Трамп пен Шавкат Мирзиеев желтоқсан айының 19-ы күні телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында екі ел басшылары Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, қауіпсіздік салаларын дамыту жайында әңгіме қозғаған. Бұдан бөлек Мирзиеев пен Трамп Ауғанстан мәселесі жайында бірқатар келісімдерге келген. АҚШ президенті Өзбекстан басшысының Ауғанстанмен жақын қарым-қатынас орнатып жатқанын қолдап, алдағы уақытта Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге қол ұшын беретінін айтқан. Сөз соңында Дональд Трамп Шавкат Мирзиеевті Уашингтонға шақырған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін екі ел басшылары мамыр айында Нью-Йорк қаласында кездескен. Шетелдік сарапшылардың ойынша, аталмыш кездесу Өзбекстан мен АҚШ қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды