Ресейде президент сайлауы қай күні өтетіні белгілі болды – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, бүгін Федерация кеңесі 2018 жылы өтетін президент сайлауын наурыз айының 18-і күніне белгілеуге байланысты қаулы қабылдаған. Аталмыш қаулы заңдық күшіне желтоқсан айының 18-і күні енетін болады. Осыдан кейін сайлауға түсуші барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.
Қазіргі таңда 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, Григорий Явлинский, Ксения Собчак, кәсіпкер Сергей Полонский және Екатерина Гордон құжаттарын тапсырған. Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясының сөзінше, Алексей Навальный істі болғанына байланысты сайлауға қатыса алмайды. Ал Ресейдің қазіргі Президенті Владимир Путин өзінің сайлауға қатысатыны жайында өткен аптада мәлімдеген болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды