Владимир Путин 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Владимир Путин ГАЗ көлік зауытының қызметкерлерімен кездесуде алда келе жатқан президент сайлауы жайында пікір білдірген. Ол онда: «Мен президент сайлауына өз кандидатурамды ұсынамын. Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет. Ресей тек қана алға жүреді. Оны ешкім, ешуақытта тоқтата алмайды» - деген.

Владимир Путин 2000 жылдан бері президенттік креслоны ешкімге бермей келеді. Ол тек 2008- 2012 жылдар аралығында өзінің саяси серігі Дмитрий Медведевке жылы орнын қысқа уақытқа босатқан. Қазіргі таңда 2018 жылы өтетін президент сайлауына Путиннен бөлек, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, тележүргізуші Ксения Собчак және журналист Екатерина Гордон өз кандидатураларын ұсынған.

“The Qazaq Times”