Мьянма үкіметі сәрсенбі күні Reuters агенттігінің екі тілшісі Ва Лоун мен Киав Со Оо-ды полиция тұтқындағанын мәлімдеді. Журналистер Ракин штатында әскерилердің рохинджа мұсылмандарын қуғындағаны жөнінде материал әзірлеген. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Мьянманың ақпарат министрлігі Facebook-тегі парақшасында екі журналистке британдық колониалдық дәуірінен бері бар мемлекеттік құпия жөніндегі заңға сәйкес айыпталып жатқанын мәлімдеген. 1923 жылдан бері қолданыстағы заңда 14 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.
Мәлімдемеде "журналистер шетелдік БАҚ-қа тарату үшін ақпаратты заңсыз алды" делінген. Олар Мьянманың басты қаласы Рангунда ұсталған.
Ва Лоун пен Киав Со Oo сейсенбіден бері із-түссіз жоғалып кеткен. Reuters өкілдігінің жүргізушісі екі журналисті кешкісін полиция бөліміне әкелген. Одан кейін екі тілші мен екі полиция өкілі тамақтануға мейрамханаға кеткен. Жүргізуші содан кейін оларды көрмеген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы