Израиль қарулы күштері Палистина зымырандарын атып түсірді – деп хабарлайды Израиль Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Желтоқсан айының 13-і күні Израиль әскери әуе күштері Газа Секторынан Израильге қарата атылған екі бірдей зымыранның көзін жойған. Үшінші зымыран Ашкелон шөлді аймағына барып құлаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Газа Секторы зымыран атқаннан кейін 25 мың адам тұратын Сдерот қаласында ескерту дабылы іске қосылған. Бірақ зардап шеккендер мен жарақат алғандар жайында ешқандай ақпарат жоқ.
Бұған дейін Израиль Қарулы күштері 8 желтоқсан күні елдің оңтүсітігіне қарата атылған Газа Секторының кезекті зымыранын «Темір күмбез» әуе қорғанысы жүйесінен атып түсірген болаты. Кейіннен Израиль әскери әуе күштері Газа Секторындағы әскери оқу-жаттығу лагерьлерін бомбалап, қару-жарақ қоймаларын талқандаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап