Түркия президенті әрі биліктегі Әділет және даму партиясының жетекшісі Режеп Тайып Ердоған аталған партияның мәжілісі кезінде АҚШ-қа қарата ескерту жасап: «Иерусалим – мұсылмандардың қызыл сызығы» деді. Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Түркия президенті Ердоған Құрама Штат президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп танитыны жөнінде алаңдаушылық білдірді. Ол сөзінде: «Құрметті Трамп мырза, Иерусалим – мұсылмандардың қызыл сызығы. Бұл қадам бізді Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасымызды үзуге дейін апаруы мүмкін. АҚШ-қа тағы бір рет ескертеміз – мұндай қадам жасауға болмайды. АҚШ-тың барлық жұмысы бітіп, ДАИШ-пен күресі аяқталып, осы ғана қалды ма?», – деді.
Түрік үкіметі Ислам Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы ретінде бұл мәселені үнемі назарда ұстайтынын жеткізді. Сонымен бірге АҚШ Иерусалим туралы аталған қадамға баратын болса, 5-10 күн ішінде ИЫҰ-ның мәжілісін Стамбулда өткізетіндерін мәлімдеді.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?