ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанада өтіп жатқан жаһандық инвестиция жөніндегі дөңгелек үстелдің кулуарында жанармай отынына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Бензин бағасы тұрақталды. Біз бір-екі күнде елдегі ірі мұнай өндіруші зауыттар және бірнеше ірі компаниялармен кездесетін боламыз, балансты қараймыз. Егер мұнай бағасы мен оны экспорттау бағасы көтерілетін болса бұл ішкі нарықтағы бағаға да ықпал етуі мүмкін. Жылдың аяқталуына 25 күн қалды, бензин бағасы өспеуі керек деп ойлаймын. Төмендеуі мүмкін", - деді Бозымбаев журналистердің қойған сұрағына.
Сондай-ақ, ол ЕАЭО-ның техникалық регламенті бойынша 2018 жылдан бастап Қазақстанда К2 класты бензинді қолдануға тыйым салынады. Бірінші тоқсанда ауысу кезеңі болғандықтан, К4-К5 класты бензинді қолдану тек екінші тоқсаннан басталады.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап