Трамп үкіметі тек қазан айында ғана Құрама Штаттың жылдық қару-жарақ сату мөлшеріне шектеу қоюға дайындалды. Осыдан бұрын Обама үкіметі елдің қару-жарақ экспорт мөлшерін шектеп келген. Трамп үкіметі Сауд Арабиясымен супер-қару саудасына қол қойғандықтан 2018 жылы АҚШ-тың қару саудасы арта түседі деп күтілуде. Сол елдегі Аналитикалық орталық бұл туралы алаңдаушылық білдіруде. Олар бұл қадамдар әлемдегі қақтығыстарды күшейтеді тіпті қару-жарақ бәсекесін қыздыра түседі деп санайды. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
АҚШ жергілікті уақытымен 29 қараша күні елдің 2017 жылдағы қару-жарақ сату көрсеткіші жарияланды. Пентагонның мәліметінде АҚШ-тың қазан айына дейін саудалаған қару-жарағының жалпы құны 42 млрд долларға жеткен. Бұл 2016 жылғы мөлшерден 20 пайызға көп.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарына қарағанда, АҚШ-тың 2017 жылы ең көп қару-жарақ саудасын жасасқан өңірі Орталық Азия (Орта және Таяу шығысты қамтыған), бұл аймаққа 22 млрд АҚШ доллары көлемінде қару сатқан. Одан кейінгі орында ретімен Үнді-Тынық мұхит аймағы – $ 7,96 млрд, Еуропаға $ 7,3 млрд, Батыс жарты шарда $ 641,6 млн доллар және Африкада $ 248,6 млн.
АҚШ Қорғаныс департаментінің Ұлттық қауіпсіздік агенттігі берген мәліметте: «Бұл сандар американдық өнімдер мен қызметтер үшін, әсіресе, әскери аренадағы әлем елдерінің үлкен сұранысын көрсетеді», – делінген. Аталған агенттіктің мәлімдемешісі сөзінде: «Қару-жарақ сатудың бұл үрдісі таңғаларлық емес. Керісінше бұл Құрама Штаттар жаһандық қауіпсіздік қорғаныс жүйесінің қамтамасыз етудегі рөлін көрсетеді. Құрама Штаттар серіктестеріне ең тиімді қорғаныс жүйесін, сонымен қатар оқыту, техникалық қызмет көрсету және жөндеу секілді бірқатар «жан-жақты» қызметтерді ұсынады», – деген.
Пентагонның пікіріне келер болсақ, АҚШ одақтастарына әскери қорғаныс құралдарын сату және соған қатысты қызмет көрсету арқылы сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттарын іске асырды әрі нығайтты деп қарайды.
Өткен бірнеше жылда, әлемдік геосаяси оқиғалардың барған сайын шиеленісе түскенін байқаймыз. Бұл аумалы-төкпелі жағдайлар АҚШ-тың қару-жарақ бизнесін өркендетті. Осыдан бұрын Швецияның Стокгольмдегі Халықаралық Бейбітшілік Институты (SIPRI) таратқан мәлімдемеде: «Соңғы бес жылда АҚШ кем дегенде 96 мемлекетке кең көлемде әскери техника саудалады немесе сыйға тартты. Сонымен бірге, қару саудасының жылдық көрсеткіші бірнеше жыл қатарынан арта түсті», – деген мәлімет айтылған.
Әлемдік БАҚ-тың көрсетуінше, 2015 жылы АҚШ қару саудасының көлемі жалпы әлемдегі қару-жарақ саудасының тең жарымынан асып түскен. Ал, 2016 жылы АҚШ қару-жарақ саудасы 33,6 млрд АҚШ долларын құраған.