Дүйсенбіде, 9 желтоқсан, Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) 2018 жылғы әлемдегі қару-жарақ саудасына арнаған есебін жария етті. Жария болған есепке қарағанда әлемдегі қару жарақ саудасының көлемі барған сайын артып келеді. Әскери қару-жарақ өндіруші ең ірі 100 компанияның жалпы сатылымы 420 млрд АҚШ долларын құраған.
Жыл сайын қару-жарақ сату бойынша алда тұрған 100 компания арасында америкалық компаниялар көбірек және алдынғы бестікті де америкалықтардың еншісінді. 2018 жылғы алдынғы америкалқы . сайынғы қару-жарақ сатылымы бойынша рейтингте. Бұл тізімде американлық 5 компанияның жылдық сатылымы 148 миллиард АҚШ долларын құрап, 100- компания сатылымының 35 пайызын иелеген. Ал, 100 компания қатарындағы америкалық компаниялардың жалпы табысы 246 миллиард доллар болып, алдынғы 100 компания ішінде 59 пайыз табысты еншілеген. Бұл қару-жарақ саудасында АҚШ-тың көшбасшы екенін көрсетті.
Локхид Марин (Lockheed Marin) компаниясы бұл тізімде лидер болып тұр. Оның 2018 жылы жалпы сатылымы 47,26 миллиард доллар болған, бұл ең үздік 100 компанияның сатылымының 11 пайызын ұстайды. Қару-жарақ саласындағы алғашқы бес компания – Boeing, Northrop Grumman, Raytheon және General Dynamics қатарлылар.
Бұл есеп арақылы АҚШ қару-жарақ компанияларының интеграциясы да анық байқалады. Айталық, SIPRI-дің қару-жарақ және әскери шығындар бағдарламаларының директоры Ауд Флюранттың (Aude Fleurant) мәлімдемесінде: «АҚШ әскери компаниялары 2017 жылы президент Трамп жариялаған қаруды модернизациялаудың жаңа жоспарына дайындалуда. Айталық, америкалық ірі қару-жарақ компаниялары жаңа үлгідегі қару-жарақ өндіру үшін бірігуде. Бұл бірігу әрекеттері оларға АҚШ үкіметінің келісім-шарттарын жеңіп алу үшін тиімді болмақ», – деген.
Сондай-ақ, қару-жарақ саудасына қатысты есепте мынадай қызықты деректерде бар. Айталық, Ресейдің әскери компанияларында кері үрдіс көрінеді. Әлем алдындағы 100 компания ішінде ресейлік 10 компания кіреді, бірақ олардың жалпы сатылымы 36,2 млрд доллар болған бұл 2017 жылғы табысынан 0,4 пайызға төмен. Олардың ішінде Almaz-Antey 9,6 миллиард долларлық табыспен жалпы тізімде 9-шы орында тұр. 6-шы орында ағылшынның Aerospace Systems (BAE Systems) компаниясы 21,2 млрд доллар табыспен тұр.
Тізімде бірде-бір Қытай компаниясы жоқ. Себебі, Қытайдың қару-жарақ компанияларының саудасы туралы анық дерек жоқ.
Бұдан тыс есепте көрсетілуінше оқ-дәрі өндіруші компаниялардың табысы 2002 жылмен салыстырғанда 47 пайызға дейін өскен.
Біз бейбіт әлем деп санайтын әлемде суық қарудың саудасы жыл сайын артып келе жатыр. Әскери техникалар мен қару-жарақтар саудасының бұл үрдісі әлемнің жаппай әскериленуіне (милитаризация) ықпал етіп отыр. Жаһандағы бұл үрдіс тәуелсіз Қазақ елінің де назарында болғаны дұрыс.