Қырғызстан Респуликасының бұрынғы президенті Роза Отунбаева не себепті Сооронбай Жээнбековтың инаугурациясына қатыспады?
Қырғызстан президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, Роза Отунбаева Сооронбай Жээнбековті ұлықтау рәсіміне шақырылмаған. Сол себепті де ант беру рәсімінде болмаған. Бірақ бір қызығы оның не себепті шақырылмағанын президент әкімшілігі түсіндірмеген.
Роза Отунбаеваның аталмыш салтанатты шараға не үшін шақырту алмағанын әр кім, әр қалай бағалайды. Бірақ көпшілігі бұны Отунбаева мен Атамбаев арасындағы келіспеушілікпен байланыстырады. Өйткені бұған дейін Роза Отунбаева Қырғызстанның тәуелсіздік күнінде Алмазбек Атамбаевтың ел халқы алдында сөз сөйлеп тұруына қарамастан сахнадан кетіп қалған болатын.
Естеріңізге салайық, Сооронбай Жээнбековтың инаугурациясы қараша айының 24-і күні болған. Оған алыс және жақын шетелдердің басшылары шақырылмаған. Ұлықтау рәсіміне шетелдік қонақтардан тек Бішкек қаласындағы елшіліктердің қызметкерлері ғана қатысқан.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап