Барселонада Каталония аймағы үкіметінің 400-ден астам қызметкері өңірдің автономдығын шектейтін құжатқа қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Олар ресми Мадридтен заңнаманың күшін жоюды сұрап, қамауға алынған өңір басшыларын босатуды талап етті. Шеруге қатысушылар орталық билік заңды жолмен сайланған аймақ басшылығын қуғын-сүргінге ұшыратып отыр деп есептейді.
Айта кетейік, қазан айының басында Каталония аймағының үкіметі өңірдің тәуелсіздігі туралы референдум ұйымдастырып, одан кейін егемендігін жариялады. Бірақ ресми Мадрид сайлауды заңсыз деп тауып, аймақ үкіметі мен парламентті таратып, тікелей басқаруға көшті. Орталық биліктің осындай әрекетінен соң Каталонияда аймақтың тәуелсіздігі мен қамаудағы саяси тұтқындарды босатуды талап еткен шерулер толастамай тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?