2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға, азық-түлік өнімдері 4,9%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың басынан 10 қарашаға дейін 770 кооператив құрылса, оның ішінде: сүт бағытында – 273, ет бағытында – 375. Сонымен қатар, 109 563 мүйізді ірі қараға арналған 6 627 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылған.
Министрліктің мәліметінше, модульдік сүт қабылдау және мал сою станцияларын, сондай-ақ кооперативтерге, олардың мүшелеріне бастапқы кепілдіксіз сүт тасығыш пен тоңазытқыштарды сатып алуға сызба енгізілген.
Сондай-ақ, 15,3 млн гектардан астық және бұршақ дақылдары алынып, бастапқы салмағы 22,1 млн тонна астық бастырылды және орташа есеппен гектарына 14,4 центнер астық жиналды.
Министрліктің мәліметінше осы жылы 3,5 млн тонна картоп жиналған және бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 154 мың тоннаға артық. Сондай-ақ, 3,6 млн тонна көкөніс (100 мың тоннаға артық), 2,2 млн тонна бақша дақылдары (126 мың тоннаға артық) жиналған.
Айта кетейік, бұған дейін картоп бағасы қыс мезгілінде және көктемге қарай 250-300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екені айтылған болатын. Аграрилердің сөзінше, биыл Қазақстанда да басқа елдерде де ауа райы қолайлы болмағандықтан егін көлемі көп емес. Алайда министрлік биылғы өнім былтырға қарағанда артық екенін айтып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?