Құрама Штаттың бас қаласында «Аракандық мұсылмандар» атты конференция ұйымдастырылды. Онда Құрама Штат жұртына Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайы таныстырылып, геноцид қырғынға қарсы тұруға шақырылды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.
Конференция Георгий Масон Университетінде өткізілді. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері баяндама жасады. Ақпарат агенттіктерінің Мьянмада болып қайтқан тілшілері көрген білгенін баян етті. Америкалықтарға Мьянмадағы зорлық туралы мәліметтерді жеткізіп, АҚШ қоғамында мұсылмандарға бағытталған геноцид қырғынға қарсылықты қалыптастыруды мақсат еткен конференция, елдің тағы бірнеше қалаларында өткізілмек.
БҰҰ берген мәліметке сенер болсақ, Мьянмадағы қарулы күштерден ығысып, Бангладешке бас сауғалаған мұсылман қауымның саны 620 мың адамнан асады. Қазірдің өзінде ең төменгі әлеуметтік шарт жағдайда миллионға жуық аракандық мұсылмандар Бангладеште жан сақтауда.















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды