2017 жылдың қаңтар-қазан айында Қазақстанда бөлшек сауда айналымы 7 трлн теңге болған. Ал бұл 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға жоғары болып отыр.
Статистика комитетінің мәліметінше, жалпы бөлшек саудадада сатылған азық-түлік тауарларының үлесі 36,8%-ды құраған немесе қазақстандықтар азық түлік сатып алуға 2,6 трлн теңге шамасында қаржы жұмсаған. Ал азық-түлік емес тауарлардікі 63,2% болған (4,4 трлн теңге шамасында).
Азық-түлік тауарларының сатылымы 2016 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 8,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардікі 4,8%-ға көбейген.
Сондай-ақ қазақстандықтар тауарларды ірі сауда кәсіпорындарынан сатып алып, 3,9 трлн теңге (55,5%) жұмсаса, қаладағы базарларға және үй жанындағы дүкендерге 3,1 трлн теңге жұмсалған.
Ал көтерме сауда жыл басынан бері 15,3 трлн теңгені құрады, бұл 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артық.
Айта кетейік, Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын қаражат көлемі Нигерия және Камерун сияқты елдердікімен деңгейлес. Ал бұл дегеніміз мемлекеттегі халық экономикасының нашар екенін көрсетеді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды