Қазақстан Дүние жүзілік банктің Doing Business 2018 рейтингінде бір сатыға төмендеп, 36 орынға түсті.
Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 35 орында болған. Ал биыл бұл орынға Ресей елі ие болып отыр.
Банк баяндамасында айтылғандай, Қазақстан миноритарлы инвесторларды қорғау бойынша әлемдегі көшбасшы ел болған. Қазақстан мұндай нәтижеге ірі корпоративтік шешімдерді қабылдауда акционерлердің құқықтары мен рөлін күшейту, корпоративтік ашықтықты талап ететін және сот талқылауы кезінде корпоративтік ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жетіп отыр.
Бұдан бөлек мемлекет кәсіпорындарды тіркеу, электр жабдықтарына қосу, мүлікті тіркеу және орындалған келісімшарттарды қамтамасыз ету туралы өз позицияларын жақсартқан.
"Кредит алу" және "халықаралық сауда" көрсеткіші бойынша республика бұрынғы орында тұр. Ал "құрылысқа рұқсат алу", "салық", "төлем қабілетінің нашар болуы бойынша рұқсат беру" көрсеткіші төмендеген.