Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Қазақстан үшін 1 млрд долларынан айрылды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік кеден қызметі төрағасының орынбасары Замирбек Ниязалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.
Басылымның мәліметінше, кеден органының қызметкері, сондай-ақ экономика министрі Артем Новиков ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қырғызтанға қарата айтқан мәлімдемесін дұрыс емес және негізсіз деп есептейді. Оның сөзінше, Қазақстан үкіметінің әдісі бойынша есеп жүргізсе, ЕАЭО-ның жоғалтқан қаражаты тек Қырғызстан үшін ғана емес.
"2016 жылғы Қырғызстан мен Қытай арасындағы статистикалық айырмашылық 4,1 млрд долларды құрады. Осы кезең бойынша Казақстандағы көрсеткіш 4,6 млрд долларды құрайды. Егер біз осы тәсіл бойынша есептер болсақ, Қазақстан тарапынан жоғалған қаржы 1 млрд долларға тең болады", - деді Ниязалиев.
Сондай-ақ, Қырғызстан үкіметінің ақпаратына сенсек, Сағынтаев кедендік баждың жоғалған сомасын есептеудің нақты механизмін көрсетіп отырған жоқ.
"Егер кедендік баж салығының жоғалған сомасы Қытайдан әкелінетін тауарлар көлеміне сәйкес орташа кедендік баға мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін болса, онда жоғарыда көрсетілген әдісті қолдану негізсіз", - делінген басылым хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз кеден қызметін қатаң сынға алған еді. Оның сөзінше, Қазақстан осыған дейін де қырғыз кеден қызметі тиісті деңгейде жұмыс істемейтіндігін айтқан және осы жолғы қазақ-қырғыз шекарасында болған даудың шығуына басты себепкер Қырғызстан тарапы. Өйткені осы уақытқа дейін қырғыз билігі ЕАЭО елдерінің өзге мүшелеріне кеден қызметі бойынша жалған ақпарат беріп келген. Оған дәлел ретінде Сағынтаев мырза соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерді мысалға келтірген болатын.