Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша халыққа медициналық көмек көрсету 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталмайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жүйе бойынша медкөмек көрсету мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау туралы шешім қабылдады. Аталған заң жобасы мәжілісте талқыланды.
"МӘМС-ке өтудегі негізгі проблема өзін өзі жұмыспен қамтығандарды анықтауда болып отыр. Сондықтан осыған байланысты, сіздердің назарларыңызға заң жобасы ұсынылады. Бұл бойынша МӘМС-ке қатысушыларға медициналық көмек көрсету мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтары деп және жеке тұлғалардың, қызметкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жеке кәсіпкерлердің, сондай ақ, мемлекеттің (жеңілдік қарастырылған азаматтарға) жарна төлеу мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтары деп нақтылау ұсынылып отыр", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
Оның сөзінше, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың аударатын жарналары 5%-дан 1%-ға дейін төмендетіледі. Ал жұмыс берушілерден жиналатын жарна көлемі 1,5% деңгейінде 2018-2019 жылдар аралығында жалғасады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерге назар аударып, аталған жүйені енгізуге асықпауға шақырған еді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды