Оңтүстік Кореяның консервативті оппозициялық партиясы Трамп үкіметін Оңтүстік Кореяда тактикалық ядролық қаруды қайта орналастыруға ынталандыруда. Солтүстік Кореяның қауіп-қатерін толықтай бағалауға және Корей түбегіндегі жағдайды өзгертуге көмектесу үшін Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қамтамасыз етуі керек деп отыр. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Елдің «Либералды Корея» партиясының жетекшісі Хоң Жүнпио (Hong Joon-pyo) АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды тұлғаларымен және Уашингтондағы екіжақты Парламент өкілдерінің кездесуі кезінде АҚШ-тың қару-жарақпен қамтамасыз етуін үміт ететіндігін ашық айтты. Дегенмен, Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Мүн Жа-ин ядролық қаруды таратуға қарсы. Ол бұл туралы жасаған мәліметінде Оңтүстік Кореяның тактикалық ядролық қаруларды ел ішіне енгізуі, Корей түбегінде ядролық соғыстың болуына тікелей себебі болатынын айтқан.
«Либералды Корея» партиясының жетекшісі Солтүстік Кореяға қарсы айтқан батыл да қатаң пікірлері үшін Оңтүстік Кореяда халықтық қолдауға ие болып отыр. Ол Мүн Жа-инмен қатар президент сайлауына түскен және дауыс саны бойынша екінші орынға ие болған саяси тұлға. Алайда сол реткі сайлауда Мүн Жа-иннің бәсі басым түсіп, 9 жылдан кейін алғаш рет консервативті президент болып билікке келді.
АҚШ үкіметінің өкілдері жасаған мәлімдемеде, Трамп үкіметі оңтүстік кореялық шенеуніктер айтқан ұсынысты қарастырып көруге дайын екенін жеткізген. АҚШ-тың қорғаныс министрі Жим Меттис қыркүйек айы кезінде Оңтүстік Кореядағы сапары кезінде журналистерге жауап беріп, Оңтүстік Кореяда тактикалық ядролық қаруларды қайталай орналастырудың мүмкін екенін айтқан еді. Дегенмен, бұл жолы Меттис Оңтүстік Кореяның ұсынысына жауап қайтарған жоқ.
Уашингтонның өкілі сәрсенбіде АҚШ-тың позициясы өзгермегенін, әлі күнге дейін Корей түбегінің ядролық қарусыздануын қолдап келе жатқанын мәлімдеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр