Қырғызстан Жоғары Кеңесіне жаңа спикер тағайындалды –деп хабарлайды kaktus media ақпарат көзі.
Бүгін таңертең бір жарым жыл Жоғары Кеңесте спикер болып отырған Чыныбай Тұрсынбеков өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол өзінің бұндай шешімге келуін елдегі саяси жағдайлардың ушығып кетуімен байланыстырған. Тұрсынбеков өзінің отставкаға кететіндігін айта салысымен Жоғары Кеңесте депутаттары жаңа спикер сайлады. Қырғыз депутаттарының бұл жолғы таңдауы «Қырғызстан» фракциясының өкілі Дастан Жұмабековқа түскен. Жұмабековпен қатар спикерлікке «Бір Бол» фракциясының мүшесі Асқарбек Шодиев пен "Қырғызстан социал-демокаратиялық партиясының" көшбасшысы Иса Өмірқұлов ұсынылған. Алайда соңғы сәтте Шадиев пен Өмірқұлов спикер болудан бас тартқан. Бірақ бұған дейін баспасөз беттерінде Алмазбек Атамбаевтың Жоғары Кеңес спикері етіп Дастан Жұмабековты тағайындайтыны жайында айтылған.
Естеріңізге салайық, бүгін таңертең қырғыз парламентінің спикері Чыныбай Тұрсынбеков өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Қырғызстандық сарапшылар Тұрсынбековтың отставкаға кетуін президент сайлауы қарсаңында Сооронбай Жээнбековқа қатысты айтқан пікірлерімен байланыстырған. Олардың пікірінше, Чыныбай Тұрсынбеков өз еркімен емес Алмазбек Атамбаевтың нұсқауы бойынша отставкаға кеткен.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?