Қазан айының 25-сі күні Қырғызстан парламентінің спикері Чыныбай Тұрсынбеков отставкаға кетті.

Бүгін Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің кезекті отырысында Чыныбай Тұрсынбеков өзінің отставкаға кететіндігі жайында айтып, партияластары мен парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде: «Биыл менің саясатта жүргеніме жеті жыл болады. Осы уақыт аралығанда мен СДПК партиясының көшбасшысы, Жоғары Кеңес спикері қызметтерін атқардым. Мен өзімнің партияластарым мен ел президенті Алмазбек Атамбаевтың маған артқан сенімдерін ақтадым деп ойлаймын. Мен спикер болып тұрған бір жарым жыл ішінде көптеген  заңдар мен құжаттар қабылданды. Жеті жыл ішінде біз басымыздан екі революцияны өткіздік. Осы жолғы президенттік сайлау қырғыз елінде демократия бар екендігін дәлелдеді. Бұл сайлау елде билік ешқандай революциясыз ақ ауыса алатынын көрсетті. Бірақ осы жолғы президент сайлау елдегі саяси жағдайларды ушықтырып жіберді. Сол себепті мен өз еркіммен отставкаға кетуді ұйғардым» - деген.

Чыныбек Тұрсынбеков Жоғары Кеңес спикері болып 2016 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Ол спикер болып тұрғанда ел парламентінде осы уақытқа дейін даулы мәселе болып келген қырғыз-өзбек шекарасына байланысты құжаттар қабылданған.

“The Qazaq Times”