Бес жылдың алдында басшы лауазымына ие болған ҚХР төрағасы Ши Жинпиң Қытай экономикасы үшін, экономиканың «басты жебеуші күші» базарды реттеу туралы уәде берген еді. Алайда бес жылдан кейінгі бүгінгі жағдай оның мәлімдемесінің керісінше болғанын көрсетеді.
Сол кезде Ши Жинпиңнің төңірегінде топталған жоғары лауазымды басшылар тіптен мемлекеттік қазынаны бақылап-басқару комитетін таратып жіберуді де ақылдасқан. Алайда, бұл жоспар жүзеге аса қоймады. Қазір Қытай үкіметі экономикаға басшылықты басты орынға қойып, шикізат бағасы мен базар бағасы, өсім көрсеткіші қатарлы күллі базар ісін өздері тізгіндеген. Мемлекеттік кәсіпорындар күшейіп, жеке капитал қорларына да қол жеткізуде. Іс жүзінде мұның бәрін алғашында таратып жібермекші болған бақылау комитеті уысында ұстап отыр.
Өкілеттік мерзімінің екінші кезеңін бастаудың алдында тұрған Шидің пікірінше, тек жалаң қабат базарға иек сүйеу тым қатерлі, керісінше мемлекеттік капитализм ең қолайлы үлгі саналады. Осы күнде Қытай басшылығындағы реформа жайлы әңгімелер мен Дың Шиаупиң жолға қойған еркін экономика бір-бірімен қабыса бермейтін екі бөлек әңгіме болып қалды. Шын мәнінде, базардың барлық қимылын үкімет қалт жібермей бақылауына алып отыр. Билікке тағы бір мәрте келетін төраға Шидің ендігі мақсаты үкіметтің әр саласындағы жоғары құқықтарын өз қолына алып, мектептерден бастап, жалпы экономика ұғымына саятын барлық жақтарды өз бақылауында ұстауды көздейді.
Үкімет қызметкерлерінің, үкіметтік кеңесшілердің, экономистердің және кәсіпорын басшыларының пікілеріне сүйенсек, қазір Қытайдың базарға қаратқан присиптерінің бір көрінісі - қырағылық пен қатаңдық. Мұндай қатаң режим күндердің күнінде базарда өздігінен теңсіздік туындатуы, мемлекеттік кәсіпорындар мен капитал базарын бүлдіруі мүмкін.
Қытайдың қазына ілімін эерттеу академиясынынң басшысы Лиу Шаңши: «бұл бір аса қатерлі қоғам болды. Үкімет қашан да жетекші болғанда ғана базардың бағы жанар еді. Бізде үкімет жетекші болып отырған жоқ, бәрін өз қарамағына ала бастады», - дейді.
Қытайда «базар атаулыны үкімет басқаруы керек» деген заң қайталай алға қойылды. Ал «одан не пайда?» дегенге келсек, сенімді қарыз арқылы алынған қыруар ақшалар, өндірісі мардымсыз мемлекеттік кәсіпорындарға құйылуда. Ал, бұл кәсіпорындар іс жүзінде жекелік кәсіпорындардан да күйі төменірек еді. Ал, капиталистік өндірістің шығарып отырған өнімдері өте әлсіз. Осыдан үлкен проблемалар туындауда. Еркін базар дегеннен ешкім игілік көре алмады.
Экономистердің пікірінше, үкімет базар ісіне шамадан тыс араласып алса, базардағы жаңалық жарату тебіні баяулап, ел мен жұрттың бай-қуатты боллуы айтылым ғана болып қалады. Базарды уысынан шығармай ұстауды ұлы тәртіп санаған қытай елінде «ұзақ уақыттардан бері болмаған экономикадағы өсімді қалыптастырып, АҚШ-ты он жыл ішінде басып озамыз» деген армандар тәтті түске айналуы ғажап емес.
Ал, бұндай келеңсіз жағдайлардың бола бастағанын Қытай үкіметі де мойындауда. Дегенмен, ондай тепе-теңсіздікті, олқылықтарды үкімет тізгіндеуімен емес, басқаруды кемелдендіре түсу арқылы толтырып аламыз деп қарайды.
Жалпы капитализм жолына Қытай басшылары қызығады, бірақ қорқады. Дегенмен, Ши капитализмнің не екенін жақсы біледі. Қытайдың капитализмі ежелден өркен жайған Жыжияң өлкесінде басшы болған ол, 2012 жылы ел басшысы орнына отыра салысымен де, экономика жолына өзгерістер жасамақшы болған. Тіптен, ол Қытайдың әйгілі байы Джек Маны (Ма Иүн) шақырған. Мемлекеттік емес, халықтық төндіріспен айналысатын кәсіпорындарға жеңілдіктер жасаған еді Ши.
2012 жылы басшылыққа отырардан аз ғана бұрын, екі аптадай «ғайып болып кеткен» Шидің сол әрекеті жөнінде төрт төңірек түрлі әңгімелер айтады. Сенімді деректердің айтуынша, ол Жыжияңның Жу жи қаласында аса маңызды жақтастарымен бірге мемлекеттің келешек жоспарларының сұлбасын сызған. Ал, содан кейін-ақ, базар ісі Қытай экономикасын сүйрейтін күш болады деген көзқарасын ортаға қойған.
Шидің баяндамасынан кейін, экономиканың дамуы еркін жолға түсіп, бақылаусыз кетуінен алаңдаған мемлекеттік бақылау мекемесі болды. Өйткені аталған ұйымда мемлекеттік кәсіпорындарды басқару, бақылау, тіпті басшылық алқасын өздері сайлау сияқты ірі көлемді құқықтар бар орган еді.
Енді бір өзгеше дерекке көз салсақ, сол кезде Қытай басшысы «Маши үлгісі» (Temasek) деген экономикалық форманы жолға қоймақшы болған. Бұл дегеніміз аса ірі реформа саналар еді. Алда-жалда оны батылдықпен жолға қойса, жоғарыда аталған бақылау комитеті күшінен қалғанмен бірдей еді. Ал, Маши Сингапур елінің байлығын басқаратын қор қоғамының аты болатын.
Сонымен, сырт елге білінбегенімен, ел ішінде көптеген шиеленістер болады. Әсіресе басына қара бұлт үйірілген комитет көптеген әрекеттер жасап, Шидің «жаңалығын» қабылдамау үшін «ел экономикасы еркін кетсе, партияның күш-қуаты әлсірейді» деп төрағаны сендірген.
Дегенмен, көшбасшының жаңа идеясын қолдап, қызығушылық танытқандар осы бір базарға қаржы салған. Бастапқыда, даңқынан ат үркердей дамыған осы жаңа үлгі, 2015 жылға келгенде шындығын айта бастайды. 2015 жылы маусым айында Қытайдың базары теңселді. Ол әлем базарына да белгілі деңгейде ықпал етті. Базардың жағдайы ауырлай бастағанда төраға Ши енді мұны «аталмыш комитеттің бақылаудағы әлсіздігі» деп сындайды.
Қалай деген күнде де Қытай басшысы үшін ауыр сынға дөп келген осы сәттен бастап, үкімет енді еркін жолды бөгеуге тырысты. Қатаң басшылық пен бақылаудың нәтижесінде алғашында еркін қаржы айналымы болады деп ақша қосқандарға ауыр соққы болды.
Ал, биыл мамыр айында Қытай юаньі құлдырап, экономикасы екінші рет теңселді. Көзі ашық басшылар «Еуропа елдеріндегі тәжірибелерді негізге ала отырып, экономиканы біртұтас еркін жолға салмайынша, күшпен ұстап отырған юань нарығы сенімді болмайды» дегенді ашық айтады. Ал, Қытай үкіметі мұндай еркіндік Шидің бастамасымен сынақ ретінде жолға қойылған кезде-ақ экономикаға алғашқы дағдарысты алып келген. Сондақтан, ол аса қатерлі деп, бұл пікірге үзілді-кесілді қарсы тұрды.
Сарапшылардың пікірінше, екінші рет орнына қайта отыра салысымен, ел басшысы ендігі кезекте басты күшті экономикаға шоғырландырады. «Ол мемлекеттік қаржы басқару комитетін күшінен қалдырғанды қойып, керісінше комитеттің құзырын кеңейтуі мүмкін» дейді.
Бұған сенуге де болады. Себебі ҚКП XIX құрылтайының қазірге дейін ғаламды шарлап кеткен баяндамасында, төраға Ши Жинпиң халықты бұрынғыдан да бай, ауқатты күнге жеткізетінін жария етуде.
Аталған комитеттен бір лауазымды кісінің айтуына қарағанда, енді «Маши үлгісі» (Temasek) ауызға алынбайды. Себебі, ол Қытай еліне үйлесімсіз дүние екен.
Қытайдың осындай тығырыққа тірелуі бұл ғана емес. 20 жыл бұрын елдің сол кездегі премер министрі Жу Рұңжи жаңа форманы іске қосу үшін, елдегі мемлекет меншігіндегі шағын кәсіпорындарды түгелдей жапқызған. Тек елге орасан зор пайда беріп отырған ірі өндіріс ошақтарын сол қалпында сақтап қалды. Ол кезде де елде жұмыссыздық көбейіп, кедейлік көрініс бере бастағанымен, жеке ұсақ өндіріске қан жүгіріп, Қытайдың еңсесі тез көтерілген болатын.
Ал, сенімді ақпарларға қарағанда, алдағы уақытта қазына бақылау комитеті сол Жу Рұңжидің кезінде таратылған бірқатар зауыттар мен компанияларды қайтадан мемлекет иелігіне өткізіп, осы комитеттің бақылауына алатын көрінеді.
Аустралия Мельбурн компаниясының жауаптысы Michael Komesaroff: «Қытай көне жолына қайта түспекші. Бұл елдің көзқарасынша, мемлекет мүддесі қашан да бәрінен қымбат», - деген пікірін білдірді.
Мемлекет экономиасындағы тұрақсыздықты Қытай үкіметі білдірмеуге тырысып, ел меншігіндегі кәсіпорындарды кредитпен сүйемелдеумен келеді.
«Бұл қаржының өсуіне жақсы болса да, экономиканың орнықты болуына тиімсіз»,-дейді Петерсон халықаралық экономика зерттеу орталығының маманы Nicholas Lardy.
Қытай бүгінгі таңда бірқатар жеке меншіктегі ірі болат темір зауыттарын жапты. Тамыздан бері бірнеше ірі компанияларды біріктірді. Ал ел ішіндегі қаржыгерлердің мемлекеттік кәсіпорындарға қаржы қосуға құлқы аздау.
Неше ондаған жылдардан бері Қытай билігі елдегі мемлекеттік түзімді «Қытайша ерекшелікке ие социалистік түзім» деп атаумен келеді. ҚКП-ның қандай да бір баяндамасында аса қастерлі сөйлем ретінде қаралатын бұл тіркестің арғы жағында, Қытайда елді социалистік жүйемен, ал, экономиканы өзгеше мәндегі капиталистік жүйемен басқаратыны көрініп тұр. Алайда 30-40 жыл үдере алға тартқан Қытай экономикасы жақын уақыттардан бері әлісін-әлсін сүрініп жатыр.