Жылдың алғашқы екі айында Қытай экспорты күрт қысқарып кетті. Бұған коронавирустың таралуы себеп болғанын жұрт жақсы біліп отыр. Вирустың тарқалуы іскерлік операцияларды, Қытайдың ғана емес дүние жүзінің жеткізу желілерінің қызметін бұзды. Соған қоса әлемнің экономикалық белсенділігін әлсіретті. Дегенмен, коронавирустың экономикаға жасаған кері ықпалы сарапшылардың болжағандай ауыр болмады.
Сауда туралы есептен Бейжің билігін қатты алаңдатуда. Себебі, індет пен үкіметтің оған қарсы қатаң шаралары зауыт өндірістерін әлсіретіп жіберді. Нәтижесінде сұраныс та өте көп мөлшерде қысқарып кетті. Жылдың алғашқы тоқсанындағы Қытайдың экономикалық өсімі 1990 жылдан бергі ең төменгі шекке түседі деген болжам бар.
Бүгін, 7 наурыз күні жария еткен Қытайдың кеден қызметі саласының мәліметіне қарағанда шетелге жүк тасымалдау мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға азайған. Мәліметтерге қарағанда, Қытайдағы фабрикалардың белсенділігі дағдарыс жылдарынан да көбірек төмендеп кеткен.
Қытайдың экспорты ғана емес, импортында да көп құлдырау бар, Желтоқсан айында АҚШ пен Қытай арасында жаңа сауда келісіміне байланысты Қытай импорты арта түскен еді. Ал, жыл басынан бері кері кете бастады, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 4 пайызға кеміді. Осыдан кейін Қытайдың сауда шығыны 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады, дегенмен, «Рейтердің» алдын ала болжамында 24 млрд. доллардан асады деген еді.
Вирус жағдайы Қытайда тұрақтана бастағанымен, көптеген компаниялар қызметін қалпына келтіруге әлі де бірер ай уақыт керек. Осыған қарағанда Қытайдың өндірісі сәуір айына қарай қалпына келуі мүмкін деген болжамдар айтылуда. Ал, осы Қытай экономикасындағы кідіріс оның сауда серіктеріне де өз әсерін тигізбек.